«Қазақстанның Моцарты» құпия сырымен бөлісті
Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында облыс әкімдігінің қолдауымен «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Моцарты» атанған Рахат-Би Әбдісағиннің «ZYMYRAN ZAMAN» атты симфониялық музыкалық кеші өтті.
Ол – композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, 100-ден астам классикалық музыкалық туындылардың, сондай-ақ, екі операның авторы. Концерттің шымылдығы кеш иесінің «Жыл құсының зары» атты фортепианоға арналған шығармасымен ашылды. Әйгілі қаламгер Ш.Айтматовтың аттас әңгімесінің желісіне құрылған бұл туындыға бүгінгі өмірдің ең өзекті мәселесі арқау болған.
К е ш б а р ы с ы н д а композитордың шығармаларын Қ а з а қ ұ л т т ы қ ө н е р университетінің Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрі және халықаралық конкурстардың лауреаты Жібек Мысырғалиева скрипкамен, «Солистер Академиясы» мемлекеттік оркестрінің ә р т і с і Б а ғ ы т ж а н Жантұрғанов виолончельде ойнады. Залға лық толған көрерменнің ыстық ықыласпен с о ғ ы л ғ а н д у қ о л шапалақтарынан кештің әсерлі өткенін аңғаруға болады. Рахат-Би – қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жеткен өнер иесі.
Қазақстанның Моцарты атанған, өнерді зерттеуші ғалым ретінде де еңбектеніп жүрген сегіз қырлы, бір сырлы жанмен сұхбаттасудын сәті түскен болатын.
– Өнер жолына қалай келдіңіз? Отбасыңызда өнерге жақын адам бар ма немесе өнерді таңдауға не себеп болды ?
– Негізінде, отбасымда кәсіби музыкант жоқ. Туғалы өнерге құштармын. Музыка өнеріне жан дүнием түгел берілген. Әсіресе, классикалық және заманауи академиялық музыка саласына. Ол – адамзат өркениетінің айнасы. Ғасырдан ғасырға қалатын аманат. Музыка мен үшін – бүкіл әлем.
– Өткізген кештің атауы неліктен «Зымыран заман» деп аталады?
– Біріншіден, бұл концертте ойналған туындыларымның біреуінің аты осындай. Менің Атырау өлкесіне бірінші сапарым. Осы жақтағы алғашқы с и м ф о н и я л ы қ авторлық кешім. «Зымыран заман» деп атағанымның негізгі себебі, бұл кеште жаһандық біріктіруші тұжырымдаманың барлық жауһары жинақталған. Заманауи музыка, еркіндік, өткен шақ, келешек, бәрі бір арнаға тоғысқан. Зымыраған заманда классикалық туындылар ғана — мәңгілік. «Адам уақыт өтеді десе, уақыт адам өтеді дейді». Бұл концертте орындау үшін менің ауқымды симфониялық туындыларымның алтауы ғана таңдап алынды.
– Он бес жасыңызда «Ең дарынды өнерпаз» атандыңыз…
Иә,. 2014 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» фестивалінде Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кубогін, «Ең дарынды өнерпаз» атағын және Гран — При иелендім.
– Әлемді мойындатқан Рахат-Би кімдерді үлгі тұтады?
– Әрине, үлгі тұтатын адамдар өте көп. Олар – атақты Перотин және Леонин мен олардың жолын қуған бүкіл классиктер, романтизм эпохасының композиторлары мен қазіргі заманның ұлы музыканты К.Штокхаузен, мысалға. Сондай-ақ, бұл тізімде басқа адамдар да бар. Менің ойымда өзімнің болашақ образым бар. Соған жету үшін жұмыстанудамын.
– Өзіңіз тәрбиелеген шәкірттеріңіз бар ма?
– Өзім тікелей тәрбиелеп отырған шәкірттерім жоқ. Негізінде, заманауи академиялық, әсіресе, авангардты музыканы түсіну әр адамның жеке сана – сезімнің, ой және интелектінің деңгейіне де байланысты. Алайда, Еуропа да, Қазақстанда да музыкалық орталықтарда осы тақырыпта систематикалық түрде дәрістер оқимын. Альберт Эйнштейннің бірде-бір тікелей шәкірті жоқ. Бірақ, барлық физиктер ол ғұлама ғалымның ашқан жаңалығын түсініп, көлеңкесінде жүрудің өзін бақыт деп санайды.
– Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз…
– Басты мақсатым – өз елімді заманауи классикалық музыка ордасына айналдыру. Бұған қалай жетуге болатынын жақсы білемін. Сонымен бірге, өз өнерімді одан әрі дамытқым келеді. Әр адамның болашағы оның құндылықтары мен жандүниесіне, өмір сүретін ортасына байланысты. Адам өмірі – жеке құбылыс. Заманауи классикалық музыканы бүкіл Қазақстан жастарына танымал ету, басты мақсатым осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан басқа мемлекеттермен тең болуына үлес қосқым келеді.
– Бізді қызықтыратыны, Сіз шабытты қайдан аласыз?
– Өмірдің өзі – шабыттың көзі.
– Жеке өміріңіз, отбасыңыз туралы білуге бола ма?
– Қазақ тәрбиесінде адамның жеке басына қатысты мәліметтер көп айтыла бермейді. Бұл халқымыздың ұ я ң д ы ғ ы н ы ң , ұстамдылығының бір көрінісі деп білуге болады. Менің бар өмірім өнермен байланысты.
– Өмірлік ұстанымдарыңыз, бұлжымас қағидаларыңыз бар ма?
– Көп жағдайда а т а қ т ы А л ь б е р т Эйнштейннің айтқан т ұ ж ы р ы м д а р ы н а сүйенемін. Әр адам өз ісінің хас шебері болуы керек. Сондай-ақ, аз сөйлеп, көп тыңдай білу қажет. Үшіншіден, әркез қозғалыста болған жөн. Яғни, әрдайым ізденісте болу қажет.
– Сізді «Қазақстанның Моцарты» дейді. Бұл – ауыр жүк емес пе?
– Өнердің оңайы жоқ. Жалпы, музыканың, әсіресе, классикалық музыка әлемінің бір бөлшегі болудан асқан бақыт жоқ. Мен үшін осының өзі зор абырой, үлкен жауапкершілік. Ерекше атап өтерлік бір жайт, заманауи академиялық музыкада физикалық және математикалық алгоритмге сүйенген жағдайлар аз емес.
– Бұл не деген сөз?
– Музыка ғылыммен тығыз байланысты. Екеуінің ұлы үйлесімділігі таңдай қақтырады. Өткен ғасырда пайда болған, П.Булез бастаған интегралды сериализм, Я.Ксенакис үлес қосқан стохастикалық музыка, Ж.Гризе, Т.Мюрай, Ю.Дюфур бастаған спектралды техника, одан бөлек сатуризм, нано-музыка бағыттарының аттарының өзі осының айшықты көрінісі. Мысалы, физиктер немесе математиктер өз дүниетанымын формулалар арқылы білдірсе, композиторлар оны өз ноталары, партитуралары арқылы жеткізуге тырысады.
– Қанша тіл білесіз?
– Қазақ мектебінде білім алдым. Орыс тілін барлығы біледі. Ал, ағылшын тілінсіз қазір алға бір қадам да баса алмайсыз. Итальян тілі – кәсіби тілім. Сол тілде Римде, Падуя және Миланда докторантурада оқыдым. Профессор — маэстролар дәрістің түпнұсқалық негізін бұзғысы келмей француз, неміс тілдерінде де сабақ береді.
– Есіміңіз өте ерекше естіледі. Оны кім қойған?
– Мұны әкемнен сұраңыз (күлді).
– 18 жаста өнертану ғылымдарының магистрі атанғаныңыз айды аспанға шығарғанмен бірдей еді, бұл қалай болды?
– Ғылыммен ерте жастан бастап айналысып кеттім. Бұл туралы әңгіме қозғайтын болсам, бір сұхбаттың шеңберіне сыймай кете ме деп ойлаймын. Сол ілім-білімнің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінде болып, небір есте қалар маңызды оқиғаларды бастан кешірдім. Атақты П.И.Чайковскийдің үй-мұражайында болып кезінде өзі отырған рояльде ойнап, концерт бердім. 2018 жылы Парижде әйгілі Пьер-Ив Арто қалаған Orchestre de Flûtes Français (Француз флейталары оркестрі) менің «Des pensées de loin» (Алыстан келген ой) атты 24 (жиырма төрт!) Флейтаға арналған шығармамның әлемдік тұсаукесерін берді.
Әңгімелескен:
Гүләлия ИГІЛІКОВА
Кейіпкер туралы қызықты деректер:
*Рахат – Би 13 жаста студент, 17 жаста магистрант атанып, П.И.Чайковской атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында білімін шыңдап, 18 жаста магистрлік диссертация қорғады. Сосын Италияның үш бірдей атақты жоғары оқу орындарына: Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясына Master in II Livello (композиция), Чезаре Поллини атындағы Падуя консерваториясына Master in II Livello (фортепиано), және Рим қаласындағы Санта-Чечилия Академиясына Corso di Perfezionamento (композиция) докторантураға қабылданып, 20 жасында оларды үздік бітірді. Бұл Еуропадағы кәсіби музыкалық білімнің ең жоғарғы деңгейі. 14 жасында математика мен заманауи музыканың байланысын зерттеуге арналған «Mathematics and Contemporary Music» атты ерекше ғылыми жұмыс жазған. Басқа да ғылыми еңбектердің авторы. Ана тілімен қоса орыс, ағылшын, итальян, испан тілдерін де кеңінен меңгерген.
*«Қазақстанның Моцарты» атанған Рахат – Би 10 жасынан бастап бүгінгі таңға дейін екі опера, сонымен қатар симфониялық оркестрге және әр сынды камералық ансамбльдерге арналған 100- ден аса классикалық музыкалық туындылар жазған. Оның музыкалық шығармалары Прага, Лондон, Вена, Париж, Базель, Кьоджа, Падуя, Бергамо, Грац, Мюрццушлаг, Аркей, Аликанте, Теулада – Морайро, Мәскеу, Санкт – Петербрг, Омск, Томск, Красноярск, Киев, Ялта, Анкара, Стамбул, Каир, Амман, Александрия, Бейжің, Сеул, НьюЙорк, Лос — Анджелес, Филадельфия, Балтимор, Нұр–Сұлтан және Алматының әлемдік концерттік сахналарында кеңінен орындалуда.
*Симфониялық оркестрлермен соло рояль партиясын өзі орындап, жеке және авторлық концерттер де беруде. Шығармаларының партитуралары «Verlag Neue Musik Berlin» (Германия) және «Композитор» (Ресей) сынды баспа үйлерінде жарық көруде.