Атырауда азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды

366086957 769920205141539 8215775495251476732 n Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Комиссия отырысында өңірге әлеуметтік маңызы бар тауарларды әкелетін көтерме тасымалдаушылар арасында заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

«А» ЖК «Б» ЖК-ден көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), қант, қарақұмық, тұзды төмендетілген бағамен сатып алып, «Ю» ЖШС-не екі есе қымбатқа сатқаны анықталды. Осыған орай, мамандар қолданыстағы заңнама талабына сәйкес шаралар қабылдады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда комиссияның жүйелі жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген тоғыз кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қант өнімдеріне 41% үстеме баға қосып, қарақұмық жармасын екі есе қымбатқа үлкен көлемде сатқан.

Комиссия мүшелерінің шешімімен Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне аладғы уақытта бағаны тұрақтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

Анықтама үшін: «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз