Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанның әуе компаниялары ұшақ билеттерінің құнын 12% төмендетті

Atr.kz/5 желтоқсан, 2019 жыл. Отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша ұшақ билетінің орташа құнын орта есеппен 12%-ға төмендетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз — қызметі.

Баспасөз-қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының әуе тасымалдары бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша авиабилеттің орташа құнын орта есеппен 12% -ға төмендетті.

 Қазақстандағы алғашқы бюджеттік әуе компанияны іске қосу әуе тасымалдар нарығына елеулі әсер етті және жалпы алғанда ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ұшақ билеттері тарифтерінің төмендеуіне ықпал етті.

Fly Arystan әуе компаниясының нарыққа келуімен Қазақстан әуежайларында жолаушылар ағынының өсуі байқалды, Нұр Сұлтан — 48%, Алматы — 45%, Семей — 1013%, Тараз — 734%, Павлодар — 117%, Қарағанды ​​- 90%, Шымкент — 57 %, Орал — 54%. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп ұшақ билеттерінің құнын төмендету бойынша бірқатар шараны қолдану бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының әуеотынға бағаны төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Камалиев Қазақстанда ұшуларды жүзеге асыратын шетелдік әуе компаниялары мен негізгі әуежайлармен кеңес өткізді.

Мемлекет меншігіндегі әуежайларға авиаотынның құнын орташа нарықтық деңгейге дейін төмендету және шетелдік әуе компаниялармен шарттардың осы шешіміне сәйкес келтіру тапсырылды. Авиаотынның құны әуе тасымалдары құнының ең үлкен үлес салмағын алады-30 % дейін.

Кездесуге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларының әуежайлары және «Air China Limited», «China Southern Airlines», «Turkish Airlines», «Атласглобал», «Аэрофлот», «Fly Dubai», «Uzbekistan Airways», «Pegasus», «Etihad Airways», «Siberia Airlines», «Ural Airlines» және «Белавиа» шетелдік әуе компанияларының өкілдері қатысты. Жалпы алғанда, авиаотын мен әуе билеттерінің құнын төмендету мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында болады және осы мәселе бойынша жұмыс тұрақты негізде болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button