Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанның әскерилері Украинаға жіберілмейді

ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилердің Украинаға жіберу туралы қауесетті жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери қызметшілер Украинаға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесі:

– Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Қазақстан әскери қызметшілерін Украинаға немесе одан басқа елге жіберу туралы сұрау түскен жоқ және тиісті түрде қаралып та жатқан жоқ. Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстік бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Одан өзге, аталған кезеңде Алматы облысынан Ақтау гарнизонының әскери бөлімін жасақтауға әскери автомобиль техникасы жіберілді», – деп хабарлады ведомстводан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button