Қазақстанның 9 облысында жол жабық

200127094634815e Жаңалықтар

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл.  Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 7429 шақырымды құрайтын 61 жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 29,8% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, жол қозғалысы 9 облыста жабық. Оның ешінде ең көп жабылған жол учаскелері Ақмола облысына қарасты. Жол қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол учаскесі – Екатеринбург-Алматы тасжолы.

 Мұнда 637 шақырым жол жабық. Республика бойынша 727 арнайы техника жұмыс істеуде. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз