Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстаннан он елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттары іске қосылады

Республика Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе маршруттарын іске қосу аясында тұрақты жұмыс жүргізуде. Мәселен, биыл мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10 елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл мемлекеттердің қатарында Мажарстан, Германия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнам бар.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «SCAT» әуе компаниясы мамыр айында Шымкент қаласының әуежайынан төмендегідей жаңа әуе маршруттарды ашуды жоспарлап отыр.

27 мамырдан бастап аптасына 2 рейс ұшатын Шымкент – Будапешт (Мажарстан), аптасына 3 рет шығатын Шымкент – Мюнхен (Германия) бағыттары ұйымдастырылады.

Ал 29 мамырдан бастап Шымкент – Шанхай (Қытай), Шымкент – Сеул (Корея) маршруттары да аптасына 2 рет орындалады.

Сондай-ақ «Air Astana» әуе компаниясы бірқатар жаңа халықаралық авиамаршрутты іске қосуды жоспарлап отыр:

  • 14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
  • 27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;
  • 28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;
  • 31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзербайжан), аптасына 3 рейс;

«Fly Arystan» әуе компаниясы 18 мамырдан бастап аптасына 2 рейстен ұшатын Алматы – Құлжа (Қытай) және 28 мамырдан бастап Астана-Газипаша (Түркия) бағыттары іске қосылады.

Өзбекстандық «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы биылғы жылдың 5 мамырынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Ташкент (Өзбекстан) бағытын жүргізеді.

Сондай-ақ бүгін, 13 мамырдан бастап «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясы Астана – Баку (Әзербайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігі аптасына 3-тен 4 ретке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button