Қазақстанға жаңа +997 телефон коды беріледі

whatsapp image 2021 09 22 at 19.54.48 Жаңалықтар

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

«БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген.

«Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді»,- деді Мусин. 

Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз