Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілді, тағы 800 мыңы күтілуде

Atr.kz/2 шілде, 2020 жыл. Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Медициналық ұйымдарға науқастарды КВИ-ден емдеу үшін антибиотиктің 16 түрі үзіліссіз жеткізілуде. Сонымен бірге керекті дәрі-дәрмекті жеделдетіп дәріханаларға жеткізу үшін дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Спекуляцияға жол бермеу мақсатында әкімдіктер бір адамға дәрі-дәрмекті шектеулі түрде сату мәселесін реттеп жатыр.

Осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желілеріне вирусқа қарсы препараттардың 70 мың қаптамасы жеткізіледі. Ыстық түсіретін дәрілер, мәселен парацетомол Қазақстан нарығына түсе бастады. Қазіргі таңда бұл препараттың нарыққа әртүрлі өндірушілерден 700 мың қаптамасы жеткізілді. Алдағы екі аптада парацетамолдың тағы 800 мың қаптамасын жеткізу көзделген», — деді Алексей Цой бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатқаны үшін жауапкершілік барын тағы да ескертті.

«Дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерткім келеді. Нақтырақ айтқанда оларға айыппұл салынады. Ал егер бұл заң бұзушылық қайтадан тіркелсе, дәріхананың лицензиясын тоқтатуға дейінгі шараны қабылдаймыз. Сонымен бірге дәрі-дәрмекті рецептсіз сатқаны үшін де жауапкершілік барын ескертеміз. Интернет арқылы рецептсіз сату жағдайлары тіркелді. Мұндай жағдайлар заңмен қадағаланады», — деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button