Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстандықтар толық емес жұмыс күніне көше ме?

Аtr.kz/5 мамыр, 2020 жыл. Түзетулер қазақстандықтардың еңбек қатынастарын жақсарту, әлеуметтік серіктестік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін қамтиды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында науқас туысы бар қызметкерлер үшін ерекше жұмыс кестесін қарастыратын еңбек мәселелері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстан сенаты 30 сәуірде өткен жалпы отырыста заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Ал мәжіліс заң жобасын өткен жылдың 18 желтоқсанында бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Сол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталды. Соның бірі – науқас жақынын күтіп-бағып отырған азаматқа толық емес жұмыс күнін ұсыну.

«Жалақысы сақталмайтын демалыс бүгінгі таңда тараптардың өз келісімі бойынша беріледі. Алайда отбасының науқас мүшесін күту үшін ұзақ демалыс қажет болған кезде, жұмыскерлер жалақысы сақталмайтын демалыс ала алмай, соның салдарынан жұмыстан шығуға мәжбүр болып жатады. Осыған байланысты, медициналық қорытындыға сәйкес отбасы мүшесіне күтім жасау үшін қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыт режимін енгізу ұсынылады», — деді министр мәжіліс отырысында.

Нұрымбетовтың айтуынша, отбасы мүшелері ретінде күйеуі немесе әйелі, балалары, ата-анасы қаралып отыр. Яғни, тек ең жақындары.

«Еңбекақы еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істеген уақыты үшін төленеді», — деп нақтылаған болатын ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button