
Қазақстандықтар қоқыс тастағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін
Бұл туралы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.
Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.
«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық Кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды қолдануды көздейді. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекке тартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер шеңберінде қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет», — делінген жарияланған құжатта.
Құжатта егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болатыны айтылған.