Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстандықтардың кредиті кешірілетін болды ма?

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. Несиені кешіруге қатысты бастама қолдау тапқан жоқ.

Естеріңізде болса, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Қазақстанда «шектеу шараларына дейін салықты уақытылы төлеген, жұмыс орнын құрған, бірақ төтенше жағдай, карантин және локдаун енгізілуіне байланысты кредит төлеу бойынша қиын жағдайға тап болған» жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жасауды ұсынған болатын.

«Кредиттік рақымшылық енгізу туралы ұсыныс тізбекті реакцияны және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына әкеледі. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банк салымшылары мен басқа клиенттері алдындағы банктің өз міндеттемелерін орындауына қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады» делінген Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің ресми жауабында.

Аман ШАМАР

Related Articles

One Comment

  1. Мен коп балалы анамын алты бопем бар. Ка жагдайым киындау. Кредитымды толей алмай отырым. Жолласым ауырады, кобине больничный да журеди.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button