Құқық қорғаушылардың спорт сайысы (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

img 20220513 wa0049 Қоғам

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған құқық қорғаушылар арасында спорттық ойындардан сайыс өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайыс құқық қорғау органдарының ардагер қызметкерлердің арасында өтті.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов сөз сөйлеп ашып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғам еңбегі ерен екеніне тоқталды.

  • – Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің, төтеншеліктердің қандай қажет және еңбектерінің елеулі екенін білеміз. Олар өз міндеттерін әрқашан абыроймен атқарып жүр, деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Аталған жарыста қатысушылар 4 кезең бойынша әртүрлі ойын түрлерінен  сынға түсті. Нәтижесінде, Төтенше жағдайлар департаментінің «Құтқарушылар» командасы 1-орын, Атырау облысы прокуратурасының   «Ардагерлер» командасы 2-орын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Атырау облысы бойынша департаментінің  «Сұңқар» командасы 3-орынды иемденді.

Сондай-ақ, аталған саланың қызметкерлері арасында жүзуден  турнир өтті. Турнирге 8 адамнан құралған 6 команда қатысты. Қатысушылар алдымен 50 метрге жүзуден сынға түсті. Кейін осы қашықтықты команда болып жүзді. Нәтижесінде, 1-орынды Төтенше жағдайлар Департаменті иемденсе, 2-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкері қанжығалады. Ал, 3-орынды Полиция департаментінің қызметкері місе тұтты.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз