Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстандықтар «Борат — 2» фильміне қарсылық хештэгін жариялады (+ ВИДЕО)

Қазақстанның халқын, тарихын, мәдениетін, руханиятын толықтай аяққа таптаған «Борат — 2» фильмінің трейлері отандастарымыздың ашу-ызасын тудырып жатыр.

#CancelBorat хештэгіне өтсеңіз, қазақстандықтардың намысты қайраған түрлі жазбаларын көруге болады. Трейлердегі көріністі қараудың өзі жиіркенішті.

Көк Тудың аяқ асты болып жатқанына алғаш болып пікір білдіргендердің бірі белгілі журналист Мәдина Балғабаева.

«Бұл АҚШ тарапынан менсінбеушілік емес, бұл нағыз бір елді аяқ асты қылып, қорлау! Сыртқы істер министрлігі, Елшілік, Сіздердің халыққа, елге деген қызметтеріңіз нағыз осындай жағдайда ауадай қажет» деп жазды журналист өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button