Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Қазақстандықтар бір мезетте тұмаудың үш түрін жұқтыруы мүмкін

Atr.kz/29 қазан, 2020 жыл. Осы инфекциядан туындаған асқынулардың салдарынан мемлекеттің экономикалық шығындары ондаған миллиард теңгені құрауы ықтимал.

Белгілі қазақстандық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Амангүл Дүйсенова адамдарды қаншалықты тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етуге болатынын айтып, сонымен қатар алдағы алты айда тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылар туралы болжам жасады.

Амангүл Дүйсенова академик Төрегелді Шармановтың 90 жылдығы мен Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 90 жылдығын мерекелеу аясында өткен «COVID-19-ке қарсы күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда биылғы жылы қазақстандықтардың 3 түрлі жаңа тұмауды жұқтыруы мүмкін екенін және бұл денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты едәуір арттыратынын айтты.

— Коинфекция болу қаупі жоққа шығарылмайды, яғни бір кезде екі немесе үш вирусты жұқтыру жайы. Сонымен қатар, 2020-21 жылдары шетелдерде тіркелген тұмау вирусының үш жаңа штаммы бойынша ауру күтілуде. COVID-19 пандемиясы кезіндегі тұмау мен ЖРВИ-дің белсенділік танытуы, әрине ол эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Зертханалардың жүктемесі артып, микс инфекция ПТР-тест индикаторларын анықтауда қиындықтар туғызуы ықтимал. Әсіресе, аралас инфекциялар кезінде, ауруханаларға шамадан тыс ауыртпалық артып, дәрі-дәрмектерге сұраныс жоғарылап, ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың саны өсіп, соның ішінде жан сақтау бөліміне, әрине ауыр формалардың, критикалық формалардың өлім-жітімінің көбеюі ықтимал, — деді профессор өзі жариялаған ықтимал сценарий болжамында.

Медицина ғылымдарының докторы Амангүл Дүйсенова тұмау мен осы инфекциядан туындаған асқынулардың салдарынан мемлекеттің экономикалық шығындары ондаған миллиард теңгені құрайтынын атап өтті.

— Жыл сайынғы шығын тек тұмау мен ЖРВИ кезінде 20 миллиард теңгені құрайды. Екпені Қазақстан Республикасы есебінен жүргізіледі, бірақ, өкінішке орай, оның қамту деңгейі төмен болып қалады, халықтың шамамен — 10-12% -ы ғана. Бұл халықтың негізгі бөлігінде тұмаудың жұқтыру қаупі жоғары екендігін көрсетеді. Тұмау емес вирустарға қарсы вакциналар жоқ, оны өздеріңіз білесіздер, — деп баса атап өтті маман.

«zakon.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button