Қазақстандықтар 18 секундта жеңіл автокөлікке несие беріп үлгерді

photo 420719 Жаңалықтар

Платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы сағат 10.00-де платформа іске қосылған сәттен бастап алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады. Бұл туралы Индустрияны дамыту қорынан хабарлады.

Қор autonesie.kz сайты жүктемені жеңіп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті деп сендіреді.

«Шектеуге жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды, «өтініш беру» функциясы белсенді емес болды. Өтініштерді қабылдау барысында кейбір пайдаланушылар автокөлік өндірушісін таңдай алмады, бұл да өтінімдер шегіне жетуге қатысты», – деді өнеркәсіпті дамыту қоры.

Өтінімдерді қабылдаудың келесі кезеңі қазақстандықтар үшін наурыз айында, содан кейін ай сайын қолжетімді болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз