Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев 49 жасында өмірден озды

Бұл хабарды Facebook-тегі «Қазақстан журналистері» тобы мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі растады.

М. Дорофеев журналистикадағы еңбек жолын Атырау облысында бастады.

Әр кезеңде КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген.

Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.

Өмірінің соңғы күндері Михаил Дорофеев Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы болып еңбек етті.



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button