
ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстандық телеарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады
Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. 19 тамыз сағат 03-17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылады.
Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен, еліміздің барлық аумағында теле-радио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. «Қазтелерадио» АҚ мұндай жұмыстарды тоқсан сайын жүргізеді. Мақсат — телерадио хабарларын сапалы тарату.
«Қазтелерадио»