Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

Бүгін, 11 маусымда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматының шығысында жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 9:10-да тіркелді, оның ошағы Қытайда, Алматыдан 412 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,3. Энергетикалық класс K=9,9. Тереңдігі h=8 км.

Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

7 маусымда Қырғызстанда жер сілкінісі болып, оны Алматы тұрғындары сезінді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button