Қазақстандағы заңсыз құрылыстар дронмен бақыланады
Келесі жылдан бастап республика Индустрия және құрылыс министрлігі қалаларды дрондар арқылы бақылауды қолға алуды жоспарлауда. Бұл бастаманың мақсаты – елдегі құрылыс нысандарының Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарларға сәйкестігін тексеру.
ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубированың мәлімдеуінше, дрондар кез келген заңсыз құрылысты анықтап, ол туралы ақпаратты жедел түрде Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасына жеткізеді. Бұл жаңа технология заңсыз құрылыстармен күресуді күшейтіп қана қоймай, үлескерлердің құқығын қорғауды да қамтамасыз етеді.
Жобаның сәтті іске асуы үшін дрондардың тұрақты ұшуына рұқсат беретін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бұл бастама Қазақстандағы құрылыс саласының ашықтығын арттырып, заңға қайшы нысандардың санын азайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: atr.kz