СОТТАҒЫ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Облыстың соттарында кадрлық өзгерістер болды. Кеше облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов алқалы жиынға қатынасушыларға судьялар корпусына жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын таныстырды.

 

Ел Президентінің Жарлығымен Махамбет аудандық сотының төрағасы болып Базарғали Қадырғалиев тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотын басқарған болатын. Оның орнына бұған дейін Жамбыл облысындағы  Талас аудандық сотының судьясы қызметін атқарған Жасұлан Жақсылық келді. Тағы бір өзгеріс, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының төрайымы Балтуған Файзуллинаның құрметті отставкаға шығуына байланысты, оның орнына Атырау қалалық сотының судьясы Болатбек Жұмабаев тағайындалды. Сонымен қатар, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнәр Хаженова да құрметті демалысқа шықты.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз