Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстандағы Еуропалық Одақтың елшісі Атырауда өткен ашық дәріске қатысты

UTEBAYEV UNIVERSITY-де Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ұйымдастыруымен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» тақырыбында Open Söz Lectorium өтті. Іс-шара гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жастарды хабардар етуге және қыз-келіншектерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған.

Аталған университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашық дәрісте гендерлік теңдікті қолдаудағы ер азаматтардың маңызды рөлі, қауымдастық көшбасшыларының ықпалы және зорлық-зомбылыққа себеп болатын зиянды стереотиптер талқыланды. Open Söz Lectorium – студенттер, оқытушылар және құрылым мүшелері үшін гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күресте пікір алмасып, ынтымақтастықты нығайту алаңы.
UTEBAYEV UNIVERSITY өткен іс-шараға университет ректоры Гүлзада Шакуликова, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алёшка Симкич, Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер құрылымы басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева, Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер құрылымы коммуникациялар және адвокация жөніндегі маманы Динара Құсайын, Open Söz оқу дәрісханасының негізін қалаушы Динара Бисембина және «Атырау» футбол клубының өкілдері мен «Әкелер одағы» белсенділері қатысты.

–Бұл кездесу жастардың құқықтық сауатын арттырып, оларды гендерлік зорлық-зомбылықтың салдары мен алдын алу шаралары туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біз қауымдастық мүшелерімен бірлесіп, гендерлік теңдікті қолдай отырып, зорлық-зомбылықсыз қоғам құру жолында жұмыс істейтін боламыз, — деп атап өтті Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алёшка Симкич гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі бүкіл әлемге ортақ мәселе екеніне тоқталды.

–Бұл мәселені шешу жолында жастардың, әсіресе ер азаматтардың қолдауы аса маңызды. Біз осы іс-шарада зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын талқылап, баршаға тең құқықтар мен құрмет қағидаларын насихаттауға арналған маңызды қадамдар жасаймыз. Гендерлік теңдікті қолдауда азаматтық қоғам көшбасшыларының, әрбір қауымдастық мүшесінің үлесі зор. Бүгінгі іс-шараның маңызы зор, себебі дәл осындай ашық пікір алмасу алаңдары бізге бірлесіп құрмет, теңдік және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өзара түсіністік пен ынтымақтастық арқылы ғана зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға үлес қоса аламыз, — деді А.Симкич.

Айта кетейік, UTEBAYEV UNIVERSITY гендерлік теңдікті қолдауға және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге өз үлесін қосып келеді. Университетте ашылған «Әйелдер көшбасшылығы» MBA бағдарламасы әйелдерге ірі компаниялар мен өнеркәсіп саласында қосымша дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button