Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыларды есептеп беретін жаңа онлайн-калькулятор іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жағымды жаңалықпен бөлісті. Нақты айтқанда, «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа пайдалы сервис іске қосылды. Енді ол зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді алдын ала есептеуге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 21 мамырда таратылған ақпаратқа сүйенсек, 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлерінің 5 негізгі санаты бойынша алдын ала есептеу мүмкіндігі қолжетімді.

  • Зейнетке шығу – негізгі зейнетақы, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы.
  • Бала туу – жүктілік, босану, бала асырап алуға байланысты кірістен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем, бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімге арналған жәрдемақы.
  • Мүгедектік – еңбекке жарамдылықтан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем.
  • Жұмыстан айырылу – жұмыстан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем.
  • Жақын адамнан айырылу – нан табушыдан айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем.

Сондай-ақ, сервисті қалай қолдану керектігі де айтылды:

  • «ЦОН» қосымшасын жүктеңіз (Google Play / App Store);
  • Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз;
  • «Барлық қызметтер» бөлімін таңдаңыз;
  • «Зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу сервисіне» кіріңіз;
  • Қажетті деректерді енгізіңіз;
  • Алдын ала шамамен есептелген төлем сомасын алыңыз.

Қорытындылай келе қазақстандықтарға маңызды ескертпе жасалды:

«Есептеу нәтижесі шамамен көрсетіледі және сізге соманы жоспарлау мүмкіндігін беру үшін жасалған».

Сондай-ақ, төлемнің нақты сомасын қызметалушы ұсынған деректер негізінде құзырлы орган шығаратындығы айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button