
Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Қазақстанда биыл ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Бұл маңызды науқан аграрлық саланың нақты жағдайын анықтап, оны дамытуға қажетті деректерді жинауға бағытталған.
stat.gov.kz таратқан мәліметке сүйенсек, санақ екі кезеңде өтеді. 1–31 тамыз sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама ұйымдастырылса, 20 қыркүйек-20 қазан аралығында интервьюерлердің жеке сұхбаты өткізіледі.
Санақ барысында 1,9 млн. жеке қосалқы шаруашылық, 300 мың фермерлік қожалық және 20 мың ауылшаруашылық кәсіпорны қамтылады. Жиналған мәліметтер жер мен мал шаруашылығы, инфрақұрылым, техника, өнім өткізу және еңбек ресурстары бойынша сарапталады. Ал бұл жұмыстарға 5 мыңнан астам санақ қызметкерін – нұсқаушыларды, интервьюерлерді тарту жоспарланып жатыр.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: ortcom.kz