Қазақстанда телефон коды өзгереді
2023 жылғы 14 наурызда үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ-та Бағдат Мусин ITU басшысы Дорин Богдан-Мартинамен (Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы) кездескенін айтты.
«Біз онымен осы мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді біз үшін резервке қойып қойды. Бірақ мен оларға бізге +7 емес, +77-ні қалдыруды ұсындым. Алайда халықаралық ұйым болғандықтан, ITU шешімді бір күнде қабылдай алмайды, осындай өтініштер бойынша кездесулер, талқылаулар өткізуі керек. Олар бұл ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді. Сондықтан Қазақстанда +7 емес, басқа елдермен бірге қолданылатын өзінің +77 коды болады деп үміттенеміз», — деді Бағдат Мусин.