Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір партия тіркелді
Қазақстанда тағы бір «Республика» партиясы ресми тіркелді. Бұл туралы мәжіліс алаңында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Министрдің айтуынша, тіркелген партияның барлық құқығы бар.
«Бүгінде «Байтақ» және «Республика» партиялары тіркелді. Бұлар — толықтай тіркелген партиялар. Олар барлық құқыққа ие. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері бір — құжаттары тиісті заң талаптарына сәйкес келмейді».ҚР Әділет министрі Қанат Мусин
30 қарашада Қазақстанда жаңа «Байтақ» партиясы тіркелгені белгілі болды. Партияның басты міндеті – еліміздің экологиялық мәселелерін шешу.