Қазақстанда «Супер ХҚКО» пайда болады
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде «супер ХҚО» пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мусиннің айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша клиенттердің тәжірибесі негізінде азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет ала отырып, басқа органдардың табалдырығын аттайтынын түсінді. Мысалы БЖЗҚ, коммуналдық қызметтер, әкімдіктер және басқалар жайында.
«Сондықтан біз бұл ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырып, азаматтардың туындаған барлық қажеттіліктері бір жерде шешілетінін қалаймыз. Бүгін біз Астана әкімдігімен бұл біртұтас кеңістік болады деп келістік. Яғни азаматтарға жайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған «супер ХҚО»», — деді Бағдат Мусин.