![Қазақстанда «қара тізім» енгізіледі 1 smartfony](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/smartfony-780x470.jpg)
Қазақстанда «қара тізім» енгізіледі
Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгеріп жатыр. Биыл 24 наурыздан бастап IMEI-коды күмәнді смартфондар әлеуметтік желіге қосыла алмай қалуы мүмкін. Бұл өзгерістер ұрланған немесе қолдан жасалған құрылғылардың жұмысын шектеуге бағытталса керек.
Ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын TengeLife жариялаған ақпаратқа сүйенсек, жаңа ереже бойынша байланыс операторлары смартфондардың IMEI-кодтарын тексеріп, оларды үш санатқа бөледі: Ақ тізім – заңды түрде сатып алынған смартфондар. Бұл құрылғылар еш шектеусіз жұмыс істейді. Сұр тізім – IMEI-коды күмәнді немесе қайталанатын құрылғылар. Мұндай телефондардың иелеріне 30 күн ішінде құрылғыны заңды түрде сатып алғанын дәлелдеу мүмкіндігі беріледі. Қара тізім – ұрланған немесе қолдан жасалған смартфондар. Бұл құрылғылар Қазақстанда ұялы желіні пайдалана алмайды.
–Егер сіздің смартфоныңыз ресми түрде сатып алынған болса, алаңдаудың қажеті жоқ. Алайда, IMEI-коды күмәнді болса, оны тіркеу немесе растау үшін қажетті шараларды қабылдаған жөн, — делінген хабарламада.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: freepik.com