Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша қай елдердің азаматтары ұсталды?

200807152528775e Жаңалықтар

ҚР Бас прокуроры Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қанша шетелдік ұсталғанын айтты.

«Қазіргі кезде 19 шетелдік ұсталды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, яғни жаппай тәртіпсіздік бойынша ұсталды», – деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерін сауалына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Бас прокуроры биыл қаңтарда Қазақстан өзінің тәуелсіздігінде мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болғанын айтты.

inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз