Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне арналған жаңа сертификаттау бағдарламасы басталды

Астанада білім беру мекемелерінде табиғи және техногендік ТЖ кездерінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған мұғалімдерге арналған «SAQ-2024» білім беру жобасының бірінші кезеңі басталды. Жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge КҚ мен Ұлттық еріктілер желісі әзірлеп, іске асыруда. Жобаның серіктестері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

c1610ee9 4dcd 49bc 9ca4 94780fd6d653

“Төтенше жағдайларда адамдардың қауіпсіздігі мәселесінің өзектігін ескере отырып, біз төтенше жағдайдың алдын алу және оның барсында әрекет ету саласындағы білім мен дағдыларды арттыруға бағытталған мұғалімдерді оқыту бастамаларыңызды қолдаймыз. Министрлік «SAQ-2024» жобасын мақұлдайды және оны қолдауға дайын”, — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жобада Абай, Атырау және Қостанай облысынан 18 мұғалім қатысады, олар болашақта SAQ қауіпсіздік офицерлері болып, өз мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінің қауіпсіз мінез-құлық бойынша білімдерін кәсіби түрде арттырып, қауіп-қатерлердің алдын алып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барысында игерген дағдыларды іске асыруға дайындайды. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінің 200 педагогі онлайн форматта оқып жатыр.

Жоба аясында 2024 жылғы қазанның 8 мен 11 аралығында онлайн және офлайн форматтарда мұғалімдерге арналған сертификатталған тренерлік бағдарлама өтті. Семей қаласы мұғалімі Кітапбаева Нұргүл айтып өткендей: “Қазіргізаманда қауіпсіздік бірінші орындатөтеншежағдайдың алдын алу жобасы аясында алғанбілімдеріміз өте құнды әрі маңызды болдыЖобаның бізге берген тың білімітөтеншежағдайлардың түрлеріоларға дайындықалғашқы көмек көрсету әдістері және қауіптіжағдайларда әрекет ету бойынша көптегенпайдалы ақпарат алдық

Мұндай жобаның маңызы өте зорсебебі қазіргіуақытта әрбір мұғалім мен оқушы осындайжағдайларға дайын болуы қажетЖобадаталқыланған тақырыптар күнделікті өмірдеорын алуы мүмкінсондықтан да бұл білімдердіоқу процесіне енгізу аса маңызды.

«SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізумен қатар білім беру бағдарламасында сертификаттық құрамының бар болуымен ерекшеленеді. Заманауи цифрлық технологияларды, ынталандыру жаттығулары мен ойындарды пайдалану оқушылар мен мұғалімдерге материалды жақсырақ түсініп, игеруге, сонымен қатар ТЖ кезінде әрекет ету дағдыларын іс жүзінде жүйелі түрде ұйымдастырылатын оқуда бекітуге көмектеседі. Осының бәрі әдеттен тыс жағдайлардың кері әсерінің алдын алуға және ТЖ-ға дайын педагогтар мен оқушылар қауымдастығын құруға, білім беру мекемелерінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті мен менталитетін әзірлеуді қамтамасыз етуге көмектеседі.

e580eb22 613a 47ce bfff 07a38619fb9c

Жоба қатысушыларына STEM компонентін пайдалана отырып, жоба тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік кешенін дамытуға грант беру жобасына қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

2025 жылғы наурызда жобаның серіктес мектептері табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға оқушылар мен мұғалімдерінің әрекет ету алгоритмдерін және іс жүзінде дайын екенін көрсете алатын республикалық оқу өткізу жоспарланады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button