Атырауға өзге облыстан келіп есірткі сатқандар 7 және 10 жылға сотталды

2021 11 09 12 5 Жаңалықтар

13 желтоқсан күні Атырау қаласы Көкарна ықшам ауданынан есірткі затын аса ірі көлемде сақтаған өзге облыстың 21 жастағы және 19 жастағы тұрғындары анықталды.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тексеру жұмыстары кезінде полимерлі пакеттегі 19 «Ziplock» психотроптық және әртүрлі түстегі 18 флакондағы есірткі заттары тәркіленген.

«Медициналық экспертиза қорытындысы бойынша 59,2891 грамм болатын мефедрон және 339,0289 грамм болатын «Альфа PVP» синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Осылайша аталған күдіктілер алдын-ала сөз байласу және электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтау және өткізіп, тасымалдауды жүзеге асырған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізіліп, сот шешімімен 21 жастағы азамат 10 жылға, ал 19 жастағы азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз