Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ге жетті

10214354 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адамда коронавирус анықталды», – делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта елде 33 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның 15-і- Алматыда, 18-і – астанада. 

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Ішкі істер министрлігі өз кезегінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады.

Министр Нұр-Сұлтан мен Алматыға тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар ғана кіре алатынын айтты.

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданған еді.

Аман ШАМАР

#бізбіргеміз#

#bizbirgemiz#

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-arқyly-өtetin-halyқaralyқ-baғyttaғy-pojyz-қozғalysy-shekteldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз