
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ге жетті
Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адамда коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта елде 33 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның 15-і- Алматыда, 18-і — астанада.
19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.
Ішкі істер министрлігі өз кезегінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады.
Министр Нұр-Сұлтан мен Алматыға тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар ғана кіре алатынын айтты.
16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданған еді.
Аман ШАМАР
#бізбіргеміз#
#bizbirgemiz#