Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда ипотекалық ставка екі пайызға дейін төмендейді

Сондай-ақ, баспана жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану туралы ережелерге де өзгерістер енгізіледі.

«Отбасы банк» баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін бастапқы жарна мөлшерін тұрғын үй құнының 10% дейін төмендетеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкінің» ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері баспана құнының 10% дейін төмендетіледі. Жеңілдікпен несиелендіру бойынша мөлшерлеме отбасы табысына байланысты жылдық 2% және 5% болады», — деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол баспана жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану туралы ережелерге де өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Яғни жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алу үшін «Отбасы банкінің» шотына аударуға мүмкіндік беріледі.

Құрылысшыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button