Кепілдендірілген тегін медициналық көмекке 703,8 миллиард теңге бөлінді

6fad697fa62eebc1b120f1a5e3f45606 Жаңалықтар

Atr.kz/14 қазан, 2019 жыл. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 703,8 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.  

2019 жылы Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 932,5 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14 пайызға артық.  

«Атырау облысында Медициналық сақтандыру қоры филиалыменкелісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 2019 жылы 1 қазанындағы мәліметтер бойынша 26 млрд 677 млн. теңге төленіп отыр. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 69,5 пайызы», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Б.Ғазизов.

«Биылғы жылы Атырау облысында мемлекеттік тапсырысты орындауға 63 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оныңішінде 30 жекеменшік клиника да бар» – деді Б.Ғазизов.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылданбастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

(Байланыс телефондары: 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931; бірыңғай байланыснөмірі – 1406)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз