Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда бизнес-гранттар 20 мамырдан бастап беріледі

Business.enbek.kz порталында 20 мамырдан бастап І кезең бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.

TengeLifekz ақпараттық ресурсы таратқан мәліметке сүйенсек, республика бойынша бірінші кезіңде 4 500 адамға грант беру жоспарлануда. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button