
ЖаңалықтарЭкономика
Қазақстанда биыл 90 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда
Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстанда биыл 90 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылы отын-энергетикалық ресурстарды өңдеу көлемін барынша арттыруға басымдық беріледі», — деді Асқар Мамин бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Премьер-Министрдің айтуынша, биыл 90 млн тонна мұнай мен 56,3 млрд куб газ өндіру жоспарланған. «Жалпы, отын-энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың құны 2 трлн теңгені құрайды», — деді ол.