Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда автокөліктерге VIP-нөмірлер тізімін кеңейту ұсынылды

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин автокөлікке ақшаға сатып алуға болатын әдемі нөмірлер тізімін кеңейтуді ұсынды.

«Ішкі істер министрлігімен бірге сұранысты көбейту мәселесін пысықтадық, оны заңнамалық түрде бекіту қажет. Осыған байланысты қолдау сұрағым келеді. Белгілі бір нөмірлер бар, мысалы, 777. Оны бюджетке ақысын төлеу арқылы сатып алуға болады. Сондай-ақ, әлі реттелмеген мемлекеттік нөмірлер бар, олардың тізімін заңмен бекіткіміз келеді, осылайша, оларды да сату мүмкін болады», — деді Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ол Мәжіліс депутаттарынан министрліктер бастамасын қолдауды сұрады.

Сондай-ақ, Мусин автокөлікке қатысты мәселелерде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай нүктесі ретіндегі электрон Үкімет жетістігі туралы айтты.

«Танымал платформалар арқылы қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, көліктерді қосымшалар арқылы тіркеу процесті айтарлықтай оңтайландыруға және автоматтандыруға, сонымен қатар тұрғындардың уақыты мен шығындарын үнемдеуге септігін тигізді. Қызмет алу үшін нысанға барудың қажеті жоқ. Бұл тәсілдер карантин шараларды ескерсек, маңызды саналды», — деді министр.

Ол қаңтарда көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша 4 мың транзакция болғанын, оның 5 пайызы ғана онлайн режимде жасалғанын түсіндірді. Қыркүйектің өзінде қазақстандықтар көліктерді тіркеу және қайта тіркеу бойынша 167 мың транзакция жасаған, оның ішінде онлайн тіркеу үлесі 36 пайызға дейін өскен.

«Біз қызметтерді Kaspi.kz, Homebank.kz және т.б. сияқты танымал платформаларға көшіру өз әсерін тигізетінін көрсеттік. Ең танымал қызметтерге назар аудардық», — деп қосты ол.

Айта кетейік, қазақстандықтар көліктерге арналған әдемі нөмірлерге көп ақша жұмсай бастағаны хабарланған болатын. 2021 жылы 9 ай ішінде 4,4 миллиард теңгеге VIP нөмірлер сатылған. Бұл ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім еткен еді.

Tengrinews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button