Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы АЭС салатын өңір белгілі болды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды.

– Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, — делінген қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.

Еске сала кетейік, премьер-министр АЭС салуда экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екенін айтқан еді.

Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы АЭС 8 жылдың ішінде салынып бітуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button