Әрі демалады, әрі шынығады

  Биылғы жазғы демалыстың бір ерекшелігі – 533 баланы қамтыған 33 шатырлық, спорттық лагерьлер қызметінің ұйымдастырылуы болды. Осыған орай, Бесікті елді мекенінде орналасқан «Тұлпар» демалыс кешенінде әскери-патриоттық клубтардың шарасы өтті.

  shatyrlylagerШатырлық лагерь жобасының басты мақсаты – патриоттық тәрбие беру, алғашқы әскери дайындық білімдерін жетілдіру және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану еді. Бүгінде облыс мектептерінде 144 әскери-патриоттық ұжым жұмыс жасайды. Онда 3847 оқушы қамтылған. Сонымен қатар, 24 колледж жанында да осындай клубтар жоспарлы жұмыстарын жүргізуде.

– Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін «Алау» әскери-патриоттық клубтардың шарасына оқушылар белсене қатысады. Сондай-ақ, соңғы екі жылда Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған әскери-патриоттық форумда былтыр «Бейбарыс», үстіміздегі жылы «Махамбет» клубтары жақсы дайындықтарын көрсетті. Осындай жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді, – дейді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиева. Шатырлық лагерьге 25 оқушы қатысуда. Оның бағдарламасына сәйкес саптық дайындық, нысананы дәлдеп ату, алғашқы медициналық көмек көрсету, спорттық бағдарлау, әскери әндер байқауы тәрізді шаралар ұйымдастырылды.

Нұрислам Ғұмар.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз