COVID-19: Теңіз кенішіндегі ахуал белгілі болды

izobrazhenie 2021 02 12 133930 COVID-19: Соңғы поштадан...

Теңіз кенішінде коронавирус инфекциясының кеңінен таралуына байланысты күрделі ахуал қалыптасқан болатын. Дегенмен, тегеуірінді талап, қатаң тәртіптің нәтижесінде Атырау аймағындағы ахуал оңала бастады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың пандемияның шарықтау шегі биылғы наурыз айының соңы мен сәуір айының басына сәйкес келуі ықтимал екенін мәлімдегенін ескерсек, Теңізден келер қауіпті, соған байланысты сақтану шараларын күшейте түсу өмірдің қажеттілігіне айналып отыр.

« Те ң і з ш е в р о й л » Ж Ш С – н і ң Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, бұл күнде бірлескен кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен азаматтарды қорғау қағидаларына сай жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде, өндірістік процестердің кідірісіне жол берілмеген. Бұл ретте, компания «Болашақ кеңейту жобасы» шеңберінде жоспарланған жұмыстардың белгіленген мерзімінде әрі қауіпсіз жағдайда орындалуын қамтамасыз етудің оңтайлы шараларын алып отыр. Пандемия баст алғалы бергі кезеңде Теңізде еңбек етіп жатқан жұмысшы-қызметкерлердің ішінен жалпы саны 7667 адам COVID-19 дертіне шалдыққан немесе ауру белгісі анықталған болатын. Олардың 87 пайызы толықт ай емделіп, сауығып шыққан. Ал, ТШО-ның өз қызметкерлері арасынан 604 жағдай тіркелген еді.

Соңғы мезгілде кеніште коронавирус инфекциясына қатысты «оң» нәтиже беру дерегінің айтарлықтай азайып, көрсеткіштің төмендегені байқалуда. Ауру белгілерін анықтау және алдын-алу мақсатында осы уақытқа дейін компания бойынша 265 мыңнан астам ПЦР тестілеу өткізді. Осылайша, пандемияның бастапқы кезеңіндегімен салыстырғанда, Теңізде тестілеуге, сондай-ақ, қауіпті инфекцияның таралуын тойтаруға бағытталған шаралар жүйесі мейлінше жетілдірілді, – деді бас менеджер.

Осы жайлардан хабардар еткен компания өкілі одан әрі қатерлі кеселмен күреске ТШО мен мердігер ұйымдардың емдеу мекемелеріне, сонымен қатар, осындағы жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына барлығы 300-ден астам медицина қызметкері жұмысқа тартылғанын мәлімдеді.

«Теңізшевройл» компаниясының басшылығы атынан осыған ықпал жасағаны үшін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына, кеселмен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әрбір медицина қызметкеріне қиын сәттегі жанқиярлық еңбегі, жоғары жауапкершілігі, кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

  • – Б і з же р г і л і кт і ат қ а ру ш ы құрылымдарымен байланысымызды нығайтып, өзара ынтымақтастықта қызмет жасап жатырмыз. Қажетті медициналық инфрақұрылымдар құрылысы мен құрал-жабдықтарды сатып алуға қажетті қаражат бөлу, тестілеуді ұйымдастыру мәселесінде қолдау-көмек көрсетілуде. ТШО объектілерінде вахталық әдіспен еңбек ететіндер жұмыс басталғанға дейін де және одан кейін де оқшауланып, міндетті түрде тестілеуден өткізіледі. Ақпан айының 1-інен елімізде коронавирус инфекциясына қарсы екпе шаралары басталғаны белгілі. Қауіпті дерттен қорғанудың бірден-бір жолы осы болғандықтан бұл науқаннан ТШО мен мердігер мекемелерінің жұмысшықызметкерлері де тыс қалмайтынына сенімдімін. Күні бүгінге компания бойынша екпеден өткізудің бағдарламасы жасақталып, кестесі бекітілуде. Қысқасы, тәжтажалмен тайталас бір сәтке болса да толастамайды, – деді Рзабек Дәуітұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Коллажды жасаған: Дәурен МҰХАМБЕТАЛИЕВ

*Сіз не дейсіз?

Халел ЖАМАЛОВ, Жылыой ауданының әкімі:

  • – ДҮЙІМ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРГЕН ІНДЕТ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕ ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕ 45 МЫҢДАЙ АДАМ ЕҢБЕК ЕТЕТІН. ЖАН-ЖАҚТАН, РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРІНЕН ҒАНА ЕМЕС, ШЕТЕЛДЕРДЕН КЕЛЕТІНДІКТЕН ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҒЫНДА КІНӘРАТЫ БАР НЕМЕСЕ ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТКЕ ҰШЫРАҒАН, БЫЛАЙЫНША АЙТҚАНДА, ВИРУС ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ДА КЕЗДЕСЕТІНІН ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙДЫ. КҮРДЕЛІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АСҚЫНЫП, ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҒУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ КӨБЕЙІП КЕТУІ СЕБЕПТІ КЕНІШТЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫНДАРДЫҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ЖҰМЫСТАН ШЕТТЕТІЛІП, ҚЫСҚАРТЫЛДЫ. БІРАҚ, ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ДА АДАМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫЗ ҚАЛМАУЫ ОЙЛАСТЫРЫЛЫП, МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНАН ДА ХАБАРЛЫМЫЗ. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ САНАТЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ АЗАМАТТАР ДА БАР. ТШО КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ТІКЕЛЕЙ СӨЙЛЕСІП, КЕЗДЕСІП, ЖҰМЫСТАН БОСАП ҚАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ МҮМКІНДІГІНШЕ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ, БОЛМАСА БАСҚА ЖЕРДЕН ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУДАМЫЗ. ҚАЛАЙ ДЕГЕНДЕ ДЕ, ҚАУІПТІ АЙМАҚ САНАЛАТЫН ТЕҢІЗ КЕНІШІ АУДАН АУМАҒЫНА КІРЕТІНДІКТЕН БҰЛ ЖАҒДАЙҒА БІЗДІҢ БЕЙЖАЙ ҚАРАЙ АЛМАСЫМЫЗ КӘМІЛ. МӘЛІМ БОЛҒАНЫНДАЙ, МҰНДА КҮНІНЕ 1600-1700-ГЕ ДЕЙІН ПЦР ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗІЛЕДІ. ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАРЫНША ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ТҰР.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз