
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери парад болмайды
Биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді, — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған әскери шеруді өткізу жоспарланбаған. Бұл ретте гарнизондарда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», — делінген хабарламада.