Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда Энергетиктер күні ресми түрде бекітілді

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізбесіне маңызды толықтыру енгізілді. Енді Энергетиктер күні жыл сайын 22 желтоқсанда ресми түрде атап өтілетін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесі жаңартылып, Энергетиктер күнін мерекелеу күні желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға ауыстырылды. Бұл — энергетика саласындағы мамандардың ұзақ жыл бойғы еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі.

«22 желтоқсан – күнтізбедегі жай ғана дата емес. Бұл – ел экономикасының тұрақтылығы мен инфрақұрылымын дамыту жолындағы энергетика саласының маңызын мойындау. Бұл бастаманың Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жүзеге асуы – ерекше мәнге ие оқиға», – деді депутат Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат өз сөзінде осы тарихи датаны қайта қалпына келтіру бастамасын қолдаған мемлекеттік органдарға, энергетикалық компанияларға және әріптестеріне шынайы алғысын білдірді.

«Энергетика – бұл жай ғана кәсіп емес, бұл – бір рет таңдалған мамандыққа деген жауапкершілік пен адалдық», – деді ол.

Осылайша, энергетика саласының қызметкерлері үшін 22 желтоқсан – кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы қажырлы еңбекті мойындаудың символына айналады.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: Ашық дереккөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button