Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button