«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының биылғы жеңімпаздары марапатталды
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында БАҚ қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
«Бұл шара жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіліп, жақсы дәстүрге айналды. Биыл конкурсымыз 6-шы рет өтуде және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Байқау Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттауға, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге бағытталған. Тегінде, оны құрайтын тарихи мұра. Бұл рәсімнің Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні арасында өтуінің терең символдық мәні бар. Өйткені, Тәуелсіздік және Елбасы Н. Назарбаев ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені біздің еліміздің барлық жетістіктері Н. Назарбаевтың Қазақстан көшбасшысы ретіндегі қызметінің тікелей нәтижесі болып саналады. Отандық БАҚ та – біздің Тәуелсіздігіміздің маңызды құндылықтарының бірі. Соңғы 30 жылда олар елмен бірге үлкен жолдан өтті, шынайы төртінші билікке айналып, танымал журналистер тобын құрды», — деді «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директоры Бақытжан Тілеуболат салтанатты рәсімде. Сонымен бірге, конкурс комиссиясының мүшесі Дархан Мыңбай қазіргі әлемде БАҚ-тың алатын орны, маңызы ерекше екенін, сондықтан мұндай байқауларды өткізу қажет екенін атап өтті. «Бұл байқау 2016 жылдан бері өткізіп келеді және жыл сайын сапасы да артып келеді. Яғни тек хабарды жасаушылар ғана емес, оны тұтынатын адамдардың да талғамы көтеріліп келеді. Байқаудың тағы бір ерекшелігі – тек Қазақстаннан емес, әлем журналистері де қатыса алады.
Бұл Қазақстанды әлемге танытудың бір жолы деп білеміз. Биыл ТМД елдерінен, Канада мен Израильден материалдар келіп түсті. Бұл Қазақстанға, Қазақстанның экономикасына қызығушылықтың артуынан деп есептеймін. Журналистикада, экономикада және барлық салада шекара жоқ заманда мұндай конкурстардың пайдасы зор деп ойлаймын. Ол тілшілер мен контенттің сапасын көтеруде де үлкен рөл ойнайды», — деді Д. Мыңбай.
Ең алдымен «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымында І орын түркиялық Business Turk журналының қызметкері Мұхаммед Рузубайға берілді. ІІ орын – ұлыбританиялық Ник Филдингке (East-West Review Journal) және ІІІ орын ресейлік Андрей Выползовқа (Российско-Казахстанский пресс центр, газета «Аргументы и факты») берілді. «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» бойынша «Егемен Қазақстан» газетіның журналисі Абай Отар топ жарды. ІІ орынды Игорь Прохоров («Казахстанская правда» газеті), ІІІ орын Ғалым Қожабеков («Астана ақшамы» газеті) иеленді.
«Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымында Әсел Әлішева («Деловой Казахстан» газеті), Татьяна Казанцева («Литер» газеті) және Атсалим Идигов («Огни Алатау» газеті) І, ІІ және ІІІ орындармен марапатталды. «Үздік телевизиялық материал» номинациясында «Хабар» агенттігінен Інжу Қабылдина І орын алды.
Astana TV тілшісі Ирина Янинина мен «Qazaqstan Saryarqa» тілшісі Виталий Несіпбаев ІІ және ІІІ орындарды иеленді. «Үздік радиоматериал» аталымында І орын – Салтанат Сәдібековаға (Қазақ радиосы), ІІ орын – Альмира Елімсаринаға (Қазақ радиосы) және ІІІ орын Евгения Гришанинаға (Радио НС) табысталды. Жүлдегерлерге бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін – 700 мың теңге және үшінші орынға – 500 мың теңгеден ақшалай сертификат табысталды.