Қазақстан мектептерінің «Әліппемен» қашан қауышатыны белгілі болды
Бірінші сынып оқушылары 1-2 тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды.
2021-2022 оқу жылында мектептерде «Әліппе» оқулығын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың жаңа оқу жылынан бастап оқушылар «Әліппе» және «Ана тілімен» қайта қауышады.
Бірінші сынып оқушылары бастапқы екі тоқсанда «Әліппе», ал 3-4 тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды.
Қазіргі кезде оқулықты шығару жұмыстары басталды. Қаңтар айында ол апробациядан өтеді. Пилоттық мектептердің тізімі бекітіліп те қойды.
Айта кетсек, «Әліппе» оқулығын әзірлеу кезінде Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізге алынды.
Бұған дейін «Әліппе» алдымен кириллица қарпімен шығарылатыны хабарланған еді. Латын графикасына көшкен жағдайда оқулық латын әліпбиіне ауыстырылады.