33

Қазақстан: коронавирус бір адамның өмірін алып кетті

Жаңалықтар

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл.  Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында өткен онлайн брифингте хабарлады.

«Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел адам көз жұмды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», – деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында өткен онлайн режимдегі брифингте.

Еске сала кетелік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының әлемге атомдық жылдамдықпен таралып жатқанын мәлімдеген еді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған