Жаңалықтар
Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді
Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2019 жылғы 1 желтоқсанда еліміздегі халық саны 18 млн 611,1 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735,4 мың адам (41,6%)» делінген ведомство ақпаратында.
Таратылған мәліметке сәйкес, 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан (61,7 мың адам), Алматы қалаларында (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркелді.