Жарнама
Жаңалықтар

«Қазақстан халқына қоры» Махамбет ауданындағы №2 арнайы мектеп интернатының кабинеттерін жабдықтап берді

Арнайы білім беру ұйымдарын жарақтандыру бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына қоры» Махамбет ауданындағы №2 арнайы мектеп интернатына құрал-жабдықтар алып берді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми өкілі Диас Бейсенбектің айтуынша, бағдарламаның мақсаты – арнайы білім беру ұйымдарын қолдау және материалдық-техникалық базасын нығайту, ерекше балалардың дамуында табысқа жету үшін жүйелі көмекті ұйымдастыру. Бағдарлама аясында 98 арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарлануда. Жобаның бірінші кезеңіне арналған сомасы 2 млрд 764 млн. теңге. Бірінші кезең бойынша 16 өңірде 31 арнайы мектеп пен «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» жарақтандырылған.

-№2 арнайы мектеп интернатына технология, тігін ісі, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау және логопедия кабинеттеріне толықтай жаңа құрал-жабдықтар алынды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен технология кабинетіне ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын аппараттар, өлшеу құралдары, бояулар, ара, балға, 3D принтер секілді қажетті бұйымдар әкелінді. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау кабинеті кір жуғыш машина, шаң сорғыш, тамақ пісіретін ыдыстар, киім үтіктейтін тақта т.б заттармен қамтылды. Ал логопедия кабинетіне интерактивті тақта, жаңа жиһаздар, мидың, бұлшық еттің жұмысын жақсартататын ойыншықтар, тактилді тақта, құм терапиясы, тыныс алу жаттығуларын жасайтын құралдар алып берілді. Осындай қолдауы үшін «Қазақстан халқына» қорына алғыс білдіреміз. Бұл құрал-жабдықтар ерекше білім беруді қажет ететін балаларымыздың дамуына, білім алуына, қоғамға бейімделуіне, еңбекке араласуына зор мүмкіндік береді,- деді мектеп-интернат директоры Үміт Қабазова.

Айта кетейік, аталған мектеп-интернат 1974 салынған. Мұнда қазіргі уақытта 51 бала тәрбиеленуде. Балаларға 24 педагог, 20 тәрбиеші қызмет көрсетеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button