Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл

egsheknge Жаңалықтар

Atr.kz/3 мамыр, 2020 жыл. Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын 1 мамыр­да Қазақстан халқының Бірлігі күні атап өтіледі. Ал, биыл бұл мерекенің жөні бөлек, мәні ерек. Өйткені, ол қазақстандық қоғамды қалыптастырушы бірегей азаматтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық меретойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, ой бөлісу мақсатында біз «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанар ІЛИЯСОВАМЕН сұхбаттасқан едік.

  Жанар Оразқызы, әңгімемізді Ассамблеяның құрылу, қалыптасу тарихы­нан бастасақ?

– Бірден айта кетейін, Қазақстан халқы Ассамблея- сы тәуелсіз мемлекеттің Тұңғыш Президенті – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Бұл – 1995 жылдың 1 нау- рызы болатын. Содан бері міне, ширек ғасыр өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде біздің облы­сымызда да Кіші Ассамблея құрылды. Соның негізінде ұлттық-мәдени орталықтар өмірге келіп, этностардың өзара қарым-қатынастары жаңаша сипат алып, жаңа сатыға көтерілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамдас бөлігі саналған Кіші Ассамблея құрамындағы этномәдени бірлестіктер ұлтаралық және дінаралық үндестіктегі азаматтық қоғамды қалыптастыруға өзіндік септігін тигізіп, өлшеусіз үлесін қосты. Бір сөзбен айтқанда, олардың бәрі де жұмыстарын жергілікті атқарушы және өкілді билік ор­гандарымен өзара бірлестікте, тығыз ынтымақтастықта, терең түсіністікте жүргізді.

Алғашқылар қатарында құрылған «Согласие» (орыс), «Тхоньил» (корей), «Видер­гебурт» (неміс), «Татулық» (татар-башқұрт), «Возрож­дение» (болгар) ұлттық- мәдени орталықтарының үрдісін жалғастырған барлық зтномәдени бірлестіктер өңірімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің өзара сенімін нығайтып, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Олардың ұйытқы болуымен мемлекеттік мере­келер мен ұлттық-діни мей­рамдар кең тұрғыда, өзіндік өрнек, сән-салтанатымен ұйымдастырылатын болды.

– Қазақстан халқы Ассам­блеясы мен Бірлік күнін бірбірінен бөле-жарып қарау мүмкін емес. Енді осыған қарай ойысып, ойыңызды сабақтасаңыз?

– Қазіргі таңда Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 20-ға жуық этномәдени бірлестік бар. Бұлардың бәрі де «Қоғамдық келісім» КММ-мен тығыз байланыс- та жұмыс жасайды. Бұл бірлестік өзінің жемісін беріп келе жатқанына да куәміз. Мәселен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің ұсынысымен жоғары оқу орнында білім алып жатқан өзге ұлттың өкілдері үшін 10 пайыздық жеңілдік квотасы белгіленді. Облыс әкімінің «Бірлік үшін» деп аталатын арнайы сыйақысы бекітілді. Өз кезегінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттеріне Ассамблеяның стипендиясы тағайындалып, қоры құрылды.

Осындай игі істерге ұйытқы болып жүрген этномәдени бірлестіктерге қолдау көрсету мақсатында «Қоғамдық келісім» коммуналдық м е м л е к е т т і к м е к е м е с і («Достық» үйі ) ашылды. Мұнда олардың жұмыстарын жоспарлы, жүйелі түрде жүргізіп, мәдени-көпшілік, тарихи-тағылымдық шара­ларды бірлесіп өткізулеріне, өнерлерін көрсетулеріне мүмкіндік мол.

Карантиндегі қарекет қандай?

– Әрине, дүние жүзін дүрліктірген індеттің өршіп кетуімен байланысты республикамызда төтенше жағдай мен күшейтілген ка­рантин режимінің жариялануы себепті, осы жолы Бірлік мерекесі жылдағыша кең ауқымда тойланбайтыны да түсінікті. Әйтсе де, бұл жайттың біздің бірлігіміз бен тату тірлігімізге, достығымыз бен бауырластығымызға ешқандай сызат түсірмесі кәміл. Осындайда Елбасының қазақстандықтарға арнап айтқан «Бірге болсақ – біз күштіміз» деген сөзі барша­мызды қанаттандырып, қуат бергендей.

Қиналғанға қолұшын беріп көмектесу, мұқтажға қарасып жәрдемдесу, әлсізге қолдау көрсетіп қолтығынан демеу, қайырым ету тәрізді атадан балаға жалғасқан ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиетін ұғынғандай болдық. Өзіміз де игілікті қадамдар мен ізгілікті амал­дар жасауға ұмтылдық. Бұл сөз жоқ, бізді бұрынғыдан бетер жақындастырып, топта­стырды, татуластырды. Бірге болсақ, алынбайтын қамал жоқтығын айғақтады.

Осы орайда, Мемлекет басшысының шақыруына алғашқылар қатарында үн қосқан да – осындағы диаспоралардың басын біріктіріп отырған этномәдени бірлестіктер. Бұл ұйымдардың жетекшілері – есімдері елге белгілі кәсіпкерлер, өңірдің қоғамдық өміріне белсе­не араласып, атсалысып жүрген танымал азаматтар. Сондықтан да шығар, олар төтенше жағдайда қиындыққа тап болған ағайынға бірінші болып көмек қолын созды. Мұның өзі мақтаныш қылып, өзгелерге үлгі-өнеге етуі – айтуға тұрарлық жайт. Бұл үрдісте, Ассамблея жанынан құрылған көптеген қоғамдық бірлестіктердің де өзіндік еншісі барын айтқанымыз ләзім. Әсіресе, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілер тобының тындырып жатқан тірлігін айрықша атай кеткен ләзім.

А с с а м б л е я н ы ң 2 5 жылдығы шеңберінде өткізілуі жоспарланған іс- шараларымыз да аз емес- ті. Олардың бәрі де кейінге қалдырылып отыр. Бүгіндері ислам дінін ұстанған исі мұсылман қауымы үшін қасиетті ай – Рамазан баста­лып, Ораза тұтқан ағайын ауыз бекітті. Мешітте жамағатпен болмаса да, әркімнің өз үйінде, киелі шаңырағында намаз оқылып, өмірден өткен жандарға құран-дұға бағышталып, тілектер айты­луда. Баршасының да ниеттері қабыл болғай дейміз.

– Әсерлі әңгімеңізге рах­мет, бірлігіміз жарассын!

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз