Жаңа бастама, журналистік сапар…

4rzzc0kezjes453vpxfa3836z6018p Қоғам

Университеттегі тәжірибе – бұл студенттің өз мамандығы бойынша білімі мен дағдыларын қолдана отырып, нақты жағдайларда өз бетінше жұмыс жасайтын уақыты.

Оқу тәжірибесі жоғары білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады әрі оның түріне қарай олар: оқу-таныстыру, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. 

Біз Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде журналистика мамандығының студенттері филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР Журналистер одағының лауреаты, Журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Тынышқалиқызының жаңа бастамасымен, үлкен мүмкіндікке ие болып, тағылымдамадан өту үшін Алматы қаласындағы Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне арнайы келдік. «Студенттер өз мамандықтарының үздігі болу үшін ең алдымен – тәртіп болуы тиіс». Бұл Мәншүк Тынышқалиқызының өз шәкірттеріне қоятын ең бірінші талабы. Ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыз да «Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжірибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі.

Өз студенттеріне осындай керемет мүмкіндік сыйлаған Мәншүк Тынышқалиқызы жаңа бастамасынан біздің студенттер де қалыс қалмады. Неге оқу орнымыздан алған білімді іс жүзінде дамытып, тәжірибе алмасқа? , деген мақсатпен Алматыға жол тарттық. Мұндағы ойымыз – журналистік шеберлігімізді шыңдап, білікті мамандардың жұмысымен танысу. Алғашқы күні, Әл Фараби атындағы Қазақ ҰУ-ға аяқ басып, редакцияның құрылымымен таныстық. Ондағы мамандар көптеген бағытта жұмыс жасайды: газет, сайт, телестудия. Бізге осы салалардан өзімізге жақын саланы таңдауға ерік берді. Мен газет бағытын таңдадым. «Қазақ Университеті» газетінің қазіргі бас редакторы Г.Ж.Тажиевадан дәріс алып, мақала жазумен айналысып, тағылымдамадан өттім. Қазақ ҰУ дағы білімнің айрықша жоғары екенін көзіміз жетті. Белгілі уақыт аралығында тәжірибеден өте отырып, ғылымға жол аштық. Журналист болуға деген талпынысымыз еселеп артты. Жалпы, оқу тәжірибесінің маңыздылығын түсіне отырып, оның студенттердің білім үдерісінде өте пайдалы екеніне көзіміз жетті.

Бірақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті де одан кем түспейтінін ескерейік. Біздің журналистика кафедрасында болашақ журналистерді дайындауға барлық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, студент журналистер үшін “Атырау-Ақпарат” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында медиамектеп ашылған болатын. Сол жерде арнайы студиялық, тәжірибелік сабақтар өткізіліп, студенттерге тәжірибе жүзінде дамып, болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді. «Caspian news» тәуелсіз телеканалында және «Қазақстан-Атырау» облыстық телеканалында кафедраның ашқан медиастудиялары бар. Ол жерде тәжірибелі журналистер қызмет атқарып, болашақ журналистерді мамандықтың қыр-сырына үйретеді. 

Менің ұғынғаным, тағылымдамадан өту негізінен студенттерді сапалы дайындап, болашақ кәсіпті игеру үшін қажет. Ол күнделікті іс-әрекеттің нақты мәселелерімен бетпе-бет келе отырып, оларды кәсіпорындар да, оқу тәжірибесін де қолдануға әрі ғылыми-теориялық тереңдетуге мүмкіндік береді.

Тағылымдамадан өту студенттердің өздік жұмысын дамытуға ықпал етеді. Тәжірибе барысында өздеріне жүктелген міндеттер аясында ақпаратты өз бетінше таңдап және талдап машықтанады.

Тағылымдамадан өту студенттік білім берудің қажетті бөлігі болғандықтан, соның арқасында болашақ маманның теориясы мен практикалық іс-әрекеті тоғысады. Оқу-таныстыру – студенттің алғашқы тәжірибесі және болашақ мамандығын түсінуге көмектесетін іс-әрекеттер жиынтығы. Оның өтуі қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие ЖОО-ның табысты түлектерінің кілті болмақ.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдаулет ханымға және де “Qazaq Universiteti” газетінің бас редакторы Гүлнар Жұмабайқызына ерекше лебізбен алғысын білдіреді. Осындай мүмкіндік сыйлаған Мәншүк Тынышқалиқызына да алғысымыз шексіз. Болашақта тағы да жұмыстар атқаруға және де өзімізді мықты журналист ретінде көрсетуге бар күшімізді саламыз!

Жанарай Ерболатқызы,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика мамандығының

1-курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз